369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жекеменшік балабақшада өрт болды

  • 142
  • UPD: 14:16, 13.09.2018
Астанада жекеменшік балабақшада өрт болды ҚР ІІМ ТЖК

Астанадағы жекеменшік балабақшаның бірінде өрт болды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап, Елорда Инфо хабарлайды.

«13 қыркүйекте Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын алабындағы «Балдәурен» балабақшасында жеке тұрған асхананың төбесінің қаптамасы өртенді. Өрттің аумағы 30 шаршы метр. Өрт 07:51-де пайда болып, 08:15 кезінде сөндірілді. Төтенше жағдай кезінде 1973 жылы туған балабақша қызметкері улы газбен уланып, ауруханаға жеткізілді», - деді Руслан Иманқұлов.

Төтенше жағдайды жою үшін 12 өрт сөндіруші мен 4 бірлік техника жұмылдырылды.

Осы категория бойынша: « Алматыда пластикалық төлем карталарын қолдан жасаған алаяқ ұсталды Екібастұзда 15 жастағы екі қыз бесінші қабаттан құлап кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы