374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда тұрғыны мешіттен 12 Құран кітабын ұрлады

  • 233
  • UPD: 14:42, 13.09.2018
Елорда тұрғыны мешіттен 12 Құран кітабын ұрлады

Астана тұрғыны қаланың бірнеше мешітінде ұрлық жасаған, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Астана тұрғыны «Нұр Астана» мешітінен 70 мың теңге тұратын 12 «Құран Кәрім» кітабын ұрлап кетті.

«Сол күні ер адам «Әл-Ғани» мешітінде ұялы телефон ұрлығын жасады. Бірнеше күннен соң кезекті ұрлығын жасау кезінде «Әл-Ғани» мешітінің оқушылары ұстады», - деді Есіл аудандық сотында.

Сот процессі кезінде жәбірленуші сотталушымен мәмілесу туралы келісімге келді. Тараптардың мәмілесуі негізінде қылмыстық іс тоқтатылды. Қаулы заңдық күшіне ие болған жоқ.

Осы категория бойынша: « Екібастұзда 15 жастағы екі қыз бесінші қабаттан құлап кетті Ақтөбеде бензин тасымалдаушы жүк көлігі жарылып, 3 адам зардап шекті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы