369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда өртеніп жатқан пәтерден 10 жасар бала құтқарылды

  • 220
  • UPD: 17:56, 13.09.2018

Петропавл қаласында пәтер өртеніп, көршілері оттың ортасынан 10 жасар баланы алып шықты.

Қызыл жалын тұрғын үйдің 5-қабатынан шыққан. Сол кезде жұмыстан келе жатқан Руслан Түменов «құтқарыңдар» деген баланың дауысын естіп, қасындағы жігітпен бірге жоғарыға көтеріліп кетеді. Екеуі қою түтіннен бөлмесіне тығылып қалған баланы іздеп тауып, оны ажал аузынан аман алып қалды. Ол үйде жалғыз болған екен. Артынан төтенше жағдайлар қызметкерлері келіп, тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Өрт сөндіруге 20 құтқарушы мен 7 техника жұмылдырылды. Қазір оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.

Руслан Түменов, қала тұрғыны:

– Пәтерге екеуміз бірге кірдік. Қою түтін. Ештеңе көрінбеді. Телефонның жарығын қосып, баланы іздедік. Әйтеуір тез тауып, сыртқа алып шықтық. Жаңағы жігіттің кім екенін білмедім. Бірден кетіп қалды.

Осы категория бойынша: « Ақтөбеде бензин тасымалдаушы жүк көлігі жарылып, 3 адам зардап шекті Ақтөбеде бензин таситын көліктің жану себебін арнайы комиссия анықтауда »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы