374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Air Astana ұшағы жерге қона салысымен өртенді

  • 292
  • UPD: 23:53, 15.09.2018

Астана әуежайында ойда жоқта төтенше жағдай болды.

Атыраудан ұшып келген «Airbus А320» ұшағы жерге қона салысымен сол жақ қозғалтқышынан өрт шыққан. Әуе кемесі «Эйр Астана» компаниясына тиесілі. Ұшақ бортында 91 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болған. Өрт дереу сөндірілді. Төтенше оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта осы істің мән жайы анықталып жатыр. Тергеу жүргізіледі.

Осы категория бойынша: « Алматыдағы музыка фестивалінде адамдардың үстіне сахна құлады Астанада донер дүңгіршегі жанып кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы