360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада донер сататын дүңгіршек өртенді

  • 139
  • UPD: 11:05, 17.09.2018

Астана қаласының Алматы шағын ауданындағы Күйші Дина көшесінде ғимараттардан бөлек тұрған донер сататын контейнер өртенді.

Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрайды. Зардап шеккендер жоқ, өрт жиырма минут ішінде ауыздықталды. Оқиға орнына 12 өрт сөндіруші мен 3 арнайы техника жұмылдырылды.

Павлодарда адамдарды қағып кеткен көлік жүргізушісі іздестіріліп жатыр

Солтүстік Қазақстандық полицейлер екі  адамды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан «Лексус» автокөлігінің жүргізушісін іздестіріп жатыр.

Тәртіп сақшыларының айтуы бойынша көлікте екі бірдей жолаушы болған. Жедел-іздестіру шаралары барысында олардан арнайы жауап алынды. Ал осыған дейін күдікті деп танылған азамат, темір тұлпардың артында отырғандығы анықталды. Естеріңізге сала кетейік  жол оқиғасы Петропавл қаласында 15-ші қыркүйек күні таңғы сағат төрт жарым кезінде түнгі клубтардың бірінің алдында болды. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жүргізушісі  жолдан өтіп бара жатқан екі қызды соққан. Қазір олар жан сақтау бөлімінде, ауыр хәлде жатыр. Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Nursultan Nazarbayev əуежайында Air Astana əуекомпаниясы ұшағының қозғалтқышы өртенді

Ұшақ ішінде 91 жолаушы мен 8 экипаж қызметкері болған.  Астана-Атырау  рейсін орындап жатқан Airbus A320 ұшағы тұраққа бұрылған мезетте сол жақ қозғалтқышы отқа орана бастаған. Төтенше жағдай орнына өрт сөндірушілер дереу келіп, қажетті іс шараларды орындады. Зардап шеккендер жоқ Қазіргі таңда, əуекомпанияның инженерлік қызметі ақауды  анықтап, сонын нəтижесінде тергеу амалдары жүргізіледі.

Қарағандыдағы металлурия комбинатында апат болды

Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинаттың қоймасында шекемтасты жүктеу кезінде ереженің сақталмағандығынан жүк бекеті қирады. Абырой болғанда зардап шегіп, қаза болғандар жоқ. Комбинат жұмысын үзіліссіз жалғатырып жатыр.

Талдықорғанда оқушыны көлік қағып кетті

Талдықорғанда 11 жастағы оқушы қызды көлік қағып кетті. Оқиға Жастар саябағының алдында Тойота Камри,  Тойота Карина және Ниссан автокөліктерінің бір-бірімен соқтығысуы салдарынан болған. Жол-көлік оқиғасынан жапа шеккен Айғаным Сейтқазы Алматы облысының орталығындағы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр. Оның мойын омыртқасы сынып, миы шайқалған. Дәрігерлер өрімдей қыздың өмірін сақтап, ажалдан арашалап қалу үшін барынша тырысуда, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова. Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу, тексеру жұмыстары басталды.

Қарағандыда бала терезеден құлады 

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатынан бір жасар бала құлады. Сәби облыстық балалар клиникалық ауруханасы жеткізілді. Дәрігерлердің берген мәліметіне сүйенсек, баланың денесіне ешқандай зақым келмеген, жағдайы бір қалыпты. 

Алматы қаласының Түріксіб шағын ауданында қураған ағаштың өртенуі туралы өрт сөндіру қызметіне хабарлама түскен. Тілсіз жаудың жақын маңда орналасқан тұрғын үйлерге таралып кету қауіпі болғандықтан 8 арнайы техникамен 37 өрт сөндіруші жұмылдырылып өрт толық  ауыздықталды.

Хабар 24 телеарнасы