366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында балалар тоққа түсіп қалды

  • 145
  • UPD: 15:34, 17.09.2018

Павлодар қаласының іргесіндегі Жаңаауыл елді мекенінде қайғылы оқиға орын алды.

Футбол алаңында ойнап жүрген 12 және 14 жастағы балалар тоққа түсіп, сол жерде ажал құшты. Жасөспірімнің біреуі спорт нысанының темір қоршауына шыққанда, қолы электр желілеріне тиген. Соның салдарынан жанында торды ұстап тұрған екінші баланы да тоқ ұрды. Тұрғындардың айтуынша, оқушылар тоқ желілерін ұстауға бәс тіккен көрінеді. Энергия таратушы компания өкілдері мәліметінше, бұл желі арқылы ойын алаңы жарықтандырылған. Қазір жергілікті ішкі істер органдарының өкілдері қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Нариман Шахмарданов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Облыстық жедел-жәрдем станциясының мамандары оқиға орнына сегіз минуттың ішінде жетті.  Ойын алаңының жанынан 2004 және 2006 жылы туған балалардың мүрделері табылды. Олар тоққа түскен. Өкінішке қарай, екеуі де қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы