366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атыраудан лифттің құлауынан зардап шеккендер ауруханадан үйлеріне қайтарылды

  • 149
  • UPD: 18:35, 17.09.2018

Атырауда көпқабатты үйлердің бірінде лифт құлап, 2 адам зардап шекті.

Абырой болғанда адамдар қатты жарақат алған жоқ. 24 жастағы келіншек пен 6 жастағы бүлдіршін шұғыл аурухана жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды. Тұрғын үй инспекциясының өкілдері бұл жағдайға тұрғындардың өздерін айыптап отыр. Өйткені лифтіге бірден 7 адам мінген. Ауыр салмақтан жеделсатының тросы үзіліп кеткен екен. Жалпы Алмагүл мөлтек ауданындағы 16 қабатты тұрғын үйлердің лифтілерінде бұндай оқиғалар жиі орын алады. Биыл мамыр айында осы үйлердің бірінде есігі ашық қалған лифт шахтасына 2 жасөспірім құлап, қайтыс болған еді.

Қайрат Хабиев, қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы:

- Терможаңғыру бағдарламасы аясында тағы да 6 үйдің лифтісін терможаңғыртудан өткізу жұмыстары келесі жылы жалғасады. Ал осы Алмагүл мөлтек ауданындағы сегіз 16 қатарлы үйдің балдығы да 2012 жылы терможаңғыртудан өтіп, лифтілері ауыстырылған. Яғни 2012 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мұнда «Каспий лифт» мекемесі қызмет көрсетеді.

Хабар 24 телеарнасы