360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда кәріз құдығынан 7 жасар баланың мәйіті табылды

  • 64
  • UPD: 12:20, 18.09.2018
Қостанайда кәріз құдығынан 7 жасар баланың мәйіті табылды Sputniknews.kz.

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Тимирязев ауылындағы қоғамдық моншаның кәріз құдығынан бала мәйіті табылды.

Кейінірек анықталғандай, 7 жасар бала сол ауылдың тұрғыны болып шықты және ол бір күн бұрын жоғалған.

«18 қыркүйек күні 8:50-де Жітіқара ауданы, Тимирязев ауылында Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының құтқарушылары қоғамдық моншаның кәріз құдығынан 2011 жылы туған баланың денесін тапты. Бірінші сынып оқушысы 17 қыркүйек күні 14:00-де үйінен шығып, қайта оралмаған. Оны іздеуге құтқарушылар, ІІД жеке құрамы мен техникасы және жергілікті халық атсалысқан болатын», - делінген облыстық ТЖ департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы жіберген ресми хабарламада. ТЖ департаменті қайғылы оқиғаның ата-ана салғырттығынан және балаға қарамауынан болғанын атап өтті. «Ата-ана өз баласына мұқият көңіл бөлгенде мұндай оқиға болмас еді. Бала қауіпсіздігіне жауапкершілік ең алдымен ата-анаға жүктеледі», – дейді департамент өкілдері.

Хабар 24 телеарнасы