366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында автокөлік тонаушылар ұсталды

  • 145
Алматы облысында автокөлік тонаушылар ұсталды vnd12.ru

Алматы облысында автокөлік тонаумен айналысқан екі ұры ұсталды.

Жеңіл жолмен ақша табуды кәсіп еткен қос қылмыскер магнитофоннан бастап, аккумуляторларға дейін жымқырған. Күдіктілер уақытша қамап ұстау изоляторына жабылды. Полиция қызметкерлері олардың Ескелді ауданының аумағында жасалған 20 шақты көлік тонау оқиғасына қатысы бар екенін айтып отыр. Қазір соның 10-ы дәлелденді. Аталған істерге қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Хабар 24 телеарнасы