366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде 15 жастағы қыз баланың өлі денесі табылды

  • 223
  • UPD: 13:27, 19.09.2018

Оқиға қаланың №19 ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары марқұмның жеке тұлғасын анықтады. Ол 15 жастағы колледж студенті болып шықты. Мәліметке сүйенсек, оның сол пәтерді анасымен бірге жалдап тұрып жатқанына бар болғаны 20 күндей ғана болған. Ал оқиға болған күні үйінде жалғыз қалған. Полиция қызметкерлері қызды өлтірген күдіктіні бір тәулікке жетпей-ақ қолға түсірді. Әзірге оның бұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз.

 

Орал жол-көлік оқиғасынан 2 адам ажал құшты

Оралда локомотив пен жигули жеңіл көлігі соқтығысып, 2 адам мерт болды. Оқыс оқиға таңғы 03:30 шамасында Сырым Датов пен Ларин көшелерінің қиылысында тіркелді. Кәугерлердің айтуынша, пойыз локомотиві бірнеше жүк вагонын тіркеп келе жатқан. 26 жастағы жүргізуші жедел жәрдем жеткенге дейін қайтыс болады. Өкінішке орай, көлікте болған жолаушының өмірін де сақтап қалу мүмкін болмады.

Айнагүл Сақпосынова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Қасында болған жолаушының да алған жарақаттары өте ауыр болды, ашық бас пен ми жарақаты налған. Сол себептен дәрігерлер қанша көмек көрсетсе де ол 25 жастағы жігіт те көз жұмды.

 

Қарағандыда интимдік қызмет көрсетумен айналысқандар әшкереленді

Қарағандылық тәртіп сақшылары «Стоп-Трафик» жедел алдын алу шарасы барысында қонақ үй, көңіл көтеретін жерлер мен сауналардан интимдік қызмет көрсетумен айналысқан адамдарды әшкереледі. Нәтижесінде 3 қылмыстың іс қозғалып, 3 «жеңгетай», 12 жезөкше есепке алынды.

 

Қарағанды облысында 8 жастағы қыз бала құдыққа құлап кетті

Қарағанды облысының Саран қаласында 8 жастағы қыз бала қала орталығында беті ашық тұрған кәріз құдығына құлаған. Жарты сағат бойы лас суға толы құдықтың ішінде тұрған оқушыны өтіп бара жатқан бейтаныс адам шығарып алған. Абырой болғанда жасөспірімнің еш жеріне зақым келмеген. Медициналық көмектен бас тартты. Айта кету керек, ашық тұрған құдықты жабуды сұрап қала тұрғындары бірнеше рет әкімдікке жүгінген. Саранкоммунсервис қызмет көрсету компаниясы құдықтың қақпағы жиі ұрланатынын айтып ақталуды.

 

Ақтөбеде алты айда 394 құдықтың қақпағы ұрланған

Олардың әрқайсысы 20 мың теңге тұрады. Коммуналдық мекеменің мамандары дабыл қағып, қала билігінен көмек сұрады. Бірлескен комиссия түсті металл қабылдайтын пункттерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, егер мұндай орындар құдық қақпақтарын қабылдайтын болса, қожайыны жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді. Өткен аптада ғана қаланың орталық шағын ауданында 20 шойын қақпақ қолды болған. Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр

Бекзат Тұрғалиев, қала әкімдігі аппаратының өндірістік бөлімінің жетекшісі:

- Заңсыз істеп жатқан қабылдау пункттерін анықтау. Қазіргі таңда олар рұқсат қағазын алу үшін облыстық энергетика басқармасынан тіркеуден өту керек. Екінші мақсат – солардың заңсыз құдық қақпақтарын анықтау. Алдағы уақытта қаланың барлық аумағын аралап шығу жоспарланып отыр.

 

Қарағанды облысы темір бетонды тумбада қысылып қалған бала құтқарылды

15 қыркүйекте Балқаш қаласының Старая площадка ауылында №12 тұрғын үйдің маңында ойын ойнаған кезде 300 мм диаметрлі темір бетонды тумбада қысылып қалған 2013 жылғы бала құқарылды. Ал Бұқар жырау ауданының Ботақара ауылында құтқарушылар жанармай багында қолы қалып қойған КамАЗ жүргізушісін құтқарды. Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға және қарапайым ережелерді сақтауға шақырады. 2018 жылдың басынан ТЖД құтқару бөлімшелерімен 850 түрлі авариялық-құтқару жұмыстары орындалып, 608 адам құтқарылды.

Хабар 24 телеарнасы