360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі соққыға жығылды

  • 245
  • UPD: 18:05, 21.09.2018
Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі соққыға жығылды Sputniknews.kz.

Алматыда науқасты аурухана алып бара жатқан жедел жәрдем көлігінің қозғалысына кедергі жасаған бейтаныс жүргізуші жедел жәрдем көлігінің жүргізушісін соққыға жықты.

Оған қоса, қызметтік көлікке де зақым келтірген. Зардап шеккен жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді. Оның қабағы жарылып, көзі көгерген. Абырой болғанда, өміріне төнер қауіп жоқ. Ал құқық қорғаушылар бұзақыны ұстады. Ол 1990 жылы туған Түркия азаматы болып шықты. Қазір оған қатысты тергеу жұмыстары басталды.

 

Петропавлда балықтан адам ағзасына қауіпті құрттар табылды

Солтүстік Қазақстанда екі бердей минтай балығынан құрт шықты. Мұны облыстық тұтынушылар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы Надежда Дубовая хабарлап отыр. Оның айтуы бойынша Петропавл қаласының тұрғыны облыс орталығындағы сауда орындарының бірінен балықты сатып алып, пісіріп жеп жатқанда кезде оның ішінен бірнеше құртты анықтаған. Ал дүкен басшысы болса, бұл өнімдерді тасымалдаушыға қайтарып берді. Айта кеткен жөн, 7-8 тонна балық көршілес Ресей елінен әкелінген. «Сондықтан бұл партияны тексеру қажет. Өйткені бұл адам денсаулығына аса қауіпті болуы мүмкін», - дейді Надежда Дубовая.

Надежда Дубовая, тұтынушылар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы:

- Жәбірленуші сатып алған балықтарды санитарлық эпидемиологиялық станцияға апарған. Зертханада тексеріс жұмыстарын жүргізген мамандар анизакид, скребни және дифиллоботриоз паразиттерін анықтады. Қазір тиісті органдар осы оқиғаға қатысты тексеріс жұмыстарын бастамай отыр. Сондықтан енді біз прокуратураға шағым түсіретін боламыз.

 

Қарағанды облысында 8 жастағы қыз бала құдыққа құлап кетті

Қарағанды облысының Саран қаласында 8 жастағы қыз бала қала орталығында беті ашық тұрған кәріз құдығына құлаған. Жарты сағат бойы лас суға толы құдықтың ішінде тұрған оқушыны өтіп бара жатқан бейтаныс адам шығарып алған. Абырой болғанда жасөспірімнің еш жеріне зақым келмеген. Медициналық көмектен бас тартты. Айта кету керек, ашық тұрған құдықты жабуды сұрап қала тұрғындары бірнеше рет әкімдікке жүгінген. Саранкоммунсервис қызмет көрсету компаниясы құдықтың қақпағы жиі ұрланатынын айтып ақталуды.

 

Ақтөбеде алты айда 394 құдықтың қақпағы ұрланған

Олардың әрқайсысы 20 мың теңге тұрады. Коммуналдық мекеменің мамандары дабыл қағып, қала билігінен көмек сұрады. Бірлескен комиссия түсті металл қабылдайтын пункттерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Яғни, егер мұндай орындар құдық қақпақтарын қабылдайтын болса, қожайыны жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді. Өткен аптада ғана қаланың орталық шағын ауданында 20 шойын қақпақ қолды болған. Қазір іздеу жұмыстары жүріп жатыр

Бекзат Тұрғалиев, қала әкімдігі аппаратының өндірістік бөлімінің жетекшісі:

- Заңсыз істеп жатқан қабылдау пункттерін анықтау. Қазіргі таңда олар рұқсат қағазын алу үшін облыстық энергетика басқармасынан тіркеуден өту керек. Екінші мақсат – солардың заңсыз құдық қақпақтарын анықтау. Алдағы уақытта қаланың барлық аумағын аралап шығу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы