366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда 1 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

  • 196
  • UPD: 09:03, 20.09.2018
Павлодарда 1 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті fakty.ictv.ua

Қайғылы жағдай туралы ақпарат Instagram әлеуметтік желісіндегі @tipavlo парақшасында тарады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

«Нәресте бесінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап түскен. Ашық бас ми жарақатымен ауруханаға орналастырылды», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева. Оқыс жайт 1 Май көшесі, 11 мекенжайында орын алған. 1 жас 4 айдағы ұл бала қонақта болған.

Хабар 24 телеарнасы