366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да 60 жастағы зейнеткер әйел өз үйінде өртеніп кетті

  • 133
  • UPD: 10:58, 20.09.2018
ШҚО-да 60 жастағы зейнеткер әйел өз үйінде өртеніп кетті Амур.инфо

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында 60 жастағы зейнеткер әйел өз үйінде алапат өрттің ортасында қалып мерт болды.

ТЖД мәліметінше, жалын туралы ақпарат құтқарушыларға таңғы 05.00 шамасында түскен. Өртке оранған жер үйдің ішінде сол үйдің тұрғыны қалып қойған. Өз бетімен жалын шарпыған үйден шыға алмаған әйел қоңырау шалып, көрші-қолаңнан көмек сұрапты, алайда лапылдаған өрттен үйге ешкім кіре алмаған. Оқыс оқиға болған Парыгино ауылы өрт сөндіру бөлімінен 35 шақырым  қашықтықта екен.Құртқарушылар жеткенше үйден түк те қалмаған, ішіндегі зейнеткер де аман қалмады. Белгілі болғандай әрең қозғалып жүретін сырқат әйел ол үйде жалғыз тұрған екен. Алдын ала болжам бойынша өрт электр құрылғысын дұрыс пайдаланбаудан болуы ықтимал.

 

Зырян қаласында газ баллоны жарылды

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары газ баллонының жарылуын алдын алды.Оқиға «Газ-53» көлігі Зырян қаласының ішімен өтіп бара жатқанда болған.Аяқ астынан оның қозғалтқыш бөлігі тұтанған. Осылайша, газ баллондары тиелген көлік лезде үлкен қауіпке айналған. Оқиға болған жерге жеткен құтқарушылардың айтуынша, автокөліктің қозғалтқыш бөлігіндегі жанғыш бөлшектер өртене бастаған, сондықтан басты мақсат – өртті газ баллоны тиелген тіркемеге жеткізбеу болған. Олар бір құралмен кабинадағы өртті өшіріп, екіншісімен газ баллондарын қауіпсіздендірген. 1 сағат ішінде көліктегі өрт толық өшіріліп, жарылыс қаупі жойылды.

 

Ақтөбеде лифтідегі қайғылы оқиғаға байланысты сот отырысы жалғасуда

Ақтөбеде адам өліміне әкелген лифтінің техникалық жағдайына жауаптылар өз кінәларын толық мойындаған жоқ. Бұған қатысты сот отырысы әлі жалғасып жатыр. Сотта лифт шаруашылығы серіктестігінің директоры Жанабековтен және лифт жөндеуші Ақжановтан жауап алынды. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлімі бойынша айып тағылды. Яғни қауіпсіздік шараларын сақтамай, қызмет көрсету салдарынан болған адам өлімі.

Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың сәуір айында лифтінің кабинасы мен шахтаның арасында қысылып қалған жас келіншек ауруханаға жетпей көз жұмған болатын.

 

Ақтауда млн теңгені қолды еткендер іздестіріліп жатыр

Бұл оқиға Басқұдық автобазарында орын алған. Қаскүнемдер Toyota Camry көлігінен 1 млн теңгеден астам қаражатты алып кеткен. Полицейлер бақылау камерасына түсіп қалған үш күдіктіні жария етті.

 

Жезқазғанда 9 рет ұрлық жасаған 28 жастағы жігіт ұсталды

Жезқазған қаласында 9 рет бөтеннің мүлкіне қол сұққан 28 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Ол бірнеше рет пластикалық терезелерді ашу арқылы алтын бұйымдар мен тұрмыстық заттарды ұрлаған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктінің дәл осындай 9 қылмысқа қатысы бар екендігін анықтады. Ол қылмыс жасар алдында алдын ала дайындалып, пластикалық терезе орнатылған пәтерлерді және бейнебақылау орнатылмаған көшелерді таңдап отырған. Сонымен қатар темір торы мен дабыл жүйесі жоқ пәтерлерді басты назарға алған. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлімі бойынша іс қозғалып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр

 

Қостанайда 14 келіге жуық марихуана тәркіленді

Шұғыл-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Қостанайдағы саяжай қауымдасытығының бірінен 53 жастағы ер адам ұсталды. Тексере келгенде одан 13 келі 908 грам марихуана табылды. Тергеу барысында ол есірткі шөбін жинап, моншасында кептіріп, сосын марихуанамен араластырғандығы мәлім болды. Күдікті бірден қамауға алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-тармағы бойынша тергеу амалдары басталды. Оған заңсыз ірі көлемде есірткі затын сақтады деген айып тағылып отыр.

 

Жамбыл облысында 39 жастағы әйелден 8 келі марихуана тәркіленді

Жамбыл облысында есірткі тасмалдау дерегі тіркелді. Көліктегі полицейлер күдіктіні «Алматы-Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызында қолға түсірді. Ұсталған 39 жастағы әйел Шу қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 8 келі кептірілген марихуана табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Айта кеткен жөн, жыл басынан бері көліктегі полицейлер 107 келі есірткі затын тәркілеп, есірткі контрабандасы мен аса ірі көлемде сақтау сияқты 30-дан астам дерек анықтаған.

 

Алматы облысында тауда адасқандар табылды

Алматы облысында екі бірдей іздестіру-құтқару операциясы сəтті аяқталды. Тауға шыққан туристер дін аман. Оқиғаның бірі Бутаковка шатқалында орын алған. Онда екі ересек адам мен бір жасөспірім адасып кеткен. Оларды құтқарушылар тобы 2 сағаттан кейін тауып алды. Сондай-ақ «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты маңында жас жігіт пен қыз бала адасып қалған. Екеуі түнгі уақытта сай-саладан жол тауып түсе алмағандықтан арнайы құтқарушылар тобының көмегіне жүгінген.

Хабар 24 телеарнасы