366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да сібір жарасы қаупімен ер адам ауруханаға түсті

  • 267
  • UPD: 12:25, 20.09.2018
ШҚО-да сібір жарасы қаупімен ер адам ауруханаға түсті Studentmedia.kz

Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданында сібір жарасы болуы мүмкін деген күдікпен 1 адам аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне түсті.

Мамандардың айтуынша, Кішінарын ауылының азаматы тағы екі ауылдасымен бірге мал сойып, етін сатқан. Содан бір апта өткен соң ол ауырып, медициналық көмекке жүгінген. Қазір сырқаттан қажетті сынамалар алынды. «Әзірге талдау нәтижелері жұқпалы дертті растамай отыр», - дейді дәрігерлер. Бірақ клиникалық белгілер аталған ауруға өте ұқсас көрінеді. Сақтық шаралары үшін онымен байланыста болған 35 адам бақылауға алынып, ет сатылған, мал сойылған жерге залалсыздандыру шаралары жүргізіліп жатыр. Ал сібір жарасын жұқтыруы мүмкін деп болжанған сырқат санавиация  көмегімен облыстық  ауруханаға  жеткізілген.

Хабар 24 телеарнасы