366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семей тұрғыны он екінші қабаттан құлап кетті

  • 160
Семей тұрғыны он екінші қабаттан құлап кетті

30 жастағы семейлік жігіт 12-қабаттан құлап аман қалды.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлап отыр. Құтқарушылардың айтуынша, «112» желісіне жедел жәрдем қызметінен қоңырау шалынған. Дәрігерлер 12-қабаттан аяғы тайып кетіп, жапсарлас тұрған үйдің 9-қабатына құлаған азаматты төменге түсіру жөнінде көмек сұраған. Тұрғын шатырда телевизиялық антеннаны жөндемек болған. Төтеншелік мамандар аяғынан жарақат алған жігітті жедел жәрдем бригадасына табыс етті. Құтқару жұмыстарына 3 адам жұмылдырылған.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы