366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейлік жігіт 12-қабаттан құлап аман қалды

  • 205
  • UPD: 13:25, 21.09.2018
Семейлік жігіт 12-қабаттан құлап аман қалды Семей Сити

30 жастағы семейлік жігіт 12-қабаттан құлап аман қалды.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлап отыр. Құтқарушылардың айтуынша, «112» желісіне жедел жәрдем қызметінен қоңырау шалынған. Дәрігерлер 12-қабаттан аяғы тайып кетіп, жапсарлас тұрған үйдің 9-қабатына құлаған азаматты төменге түсіру жөнінде көмек сұраған. Тұрғын шатырда телевизиялық антеннаны жөндемек болған. Төтеншелік мамандар аяқтарынан жарақат алған жігітті жедел жәрдем бригадасына табыс етті. Құтқару жұмыстарына 3 адам жұмылдырылған.

Хабар 24 телеарнасы