360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда 16 жастағы жігіт алған соққыдан қаза тапты

  • 215
Таразда 16 жастағы жігіт алған соққыдан қаза тапты

Тараздың ортасында қайғылы оқиға болды.

«20 қыркүйек күні кешкісін Тараз қаласы ішкі істер басқармасына Абай даңғылының бойындағы «Қазфосфат» аялдамасының маңында 16 жастағы жігіттің соққыға жығылғаны туралы хабарлама түсті. Ол жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған», – делінген құқық қорғау ведомствосының хабарламасында. Облыстық ІІД полиция қызметкерлері ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс ІІД басшылығының бақылауында, – деп атап өтті Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінен. 

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы