366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда медициналық қызметкер соққыға жығылды

  • 225
  • UPD: 21:01, 21.09.2018

Дәрігерді ақтау да, даттау да көп. Тіпті адам өміріне араша болған жандардың өзіне қол көтеретіндер көбейді.

Оралда нөмірі алтыншы емхананың медициналық қызметкеріне шабуыл жасалды. Осы жерде еңбек ететін жас қыз Зашаған шағын ауданында тұратын сырқатқа дәрі-дәрмек жеткізу үшін барған. Алайда іздеп барған адамын таппаған. Сол кезде көрші үйден шыққан ер адам «іздеп жүрген адамыңыз біздің үйде қонақта» деп алдап, дәрігер қызды ауласына шақырады. Ештеңеден күдіктенбеген бойжеткен аулаға таяп келген бетте ер адам оны ұрып-соғып, буындырып, кейін ұялы телефоны мен қол сөмкесін тартып алған. Күдіктінің қолынан жан-дәрмен босап шыққан қыз дереу полицияға арызданды.

Нұрлан Бисенов, қалалық ІІБ басшысының орынбасары:

– Алынған шаралардың барысында 1993 жылы туған Орал қаласының азаматы қолға түсті. Аталған азамат жәбірленушінің ұялы телефоны мен заттарын иеленген. Аталған факт бойынша ҚРҚК 191 бабы 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, негізгі уақытта тергеу әрекеттері жүріп жатыр.

Айнагүл Сақпосынова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

– Осындай пациенттердің үйлеріне баруға мәжбүр болатын медициналық қызметкерлер қазір алаңдап отыр.

Хабар 24 телеарнасы