360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да сібір жарасынан бір адам көз жұмды

  • 302
  • UPD: 23:23, 21.09.2018
ШҚО-да сібір жарасынан бір адам көз жұмды

Шығыс Қазақстан облысының Қотанқарағай ауданында сібір жарасынан бір адам қайтыс болды.

Үлкен Нарын ауылының 47 жастағы тұрғыны қыркүйектің 12-сі күні ауруханаға түскен. Ол өзінің ауырып тұрған бұзауын сойып, етін ауылдастарына таратқан. Ал бұзаудың етін биологиялық және бактериологиялық зертханадан өткізген санитарлық дәрігерлер оның сібір жарасына шалдыққанын дәлелдеді. Қайтыс болған адаммен аралас-құралас және ет алған 37 адам бүгінде жіті медициналық тексеруден өткізіліп жатыр. Сондай-ақ құзырлы орган мамандары 37 келі етті қайтарып, бірден жойған. Бүгінде ауылдағы 150-ге жуық ірі қараның бәрі әркімнің өз қорасында тұр. Дегенмен індет ошағы шыққан елді мекенде әлі карантин жарияланбаған. Ал көз жұмған азаматтың ауылдастары күніне екі рет тексеруден өткізіліп жатыр.

Болат Қуанышбеков, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

– Бүгінде профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр. 2 апта болды. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды. Тамақтан, судан, тағы басқа нәрседен де жұқпайды.

Хабар 24 телеарнасы