360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы әуежайында 7 ителгіні Шарджаға әкетпек болған жолаушы ұсталды

  • 163
  • UPD: 14:53, 23.09.2018
Алматы әуежайында 7 ителгіні Шарджаға әкетпек болған жолаушы ұсталды

Алматы қаласының әуежайында Шарджа бағытында ұшып бара жатқан жолаушының жеті ителгіні елден заңсыз әкетіп бара жатқаны анықталды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз хатшысының мәлімдеуінше, 23 қыркүйек күні шекарашылар «Алматы-Шарджа» бағытындағы халықаралық рейсті рәсімдеу кезінде қара түсті жол сөмкесінен арнайы жәшікке салынған жеті ителгіні байқаған. Іс Қылмыс кодексінің 339-бабына жатқызылып, сотқа дейінгі бірыңғай реестрде тіркелді. Ителгілерді «Сұңқар» жауапкершілігі шектелген орталыққа өткізді. Қазақстан зоологтарының мәлімдеуінше, құстың бұл түрі елімізде азайып кеткен. Көбіне олар контрабанда мен браконьерлер торына тап болуда. Мамандар қазір елде бірнеше жүз ителгі қалды деп есептейді.

Хабар 24 телеарнасы