366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде 5 жасар бүлдіршінді қорлаған азғын ұсталды

  • 175
  • UPD: 15:33, 24.09.2018

Семейлік полицейлер бүлдіршінге қатысты қылмысқа күдікті тұрғынды ұстады.

21 қыркүйек күні қала тұрғыны 5 жасар баласына белгісіз біреудің сексуалды сипаттағы қорлық көрсеткені жөнінде арыз жазған. Бұл қылмысты ашу үшін жедел іздестіру шаралары қолға алынып, криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы бұрын сотталмаған тұрғынды анықтап, ұстады. Тергеу барысында ол қылмысын мойындаған. Қазір Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды. Бұл туралы ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Дайындаған: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы