360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да автобуспен жүк көлігі соқтығысты

  • 185
  • UPD: 11:11, 25.09.2018
СҚО-да автобуспен жүк көлігі соқтығысты tksmi.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жолаушылар автобусы камАЗ жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Автобустың жүргізушісі қатты соққыдан көз жұмып, көлігі өртеніп кетті. Оқыс оқиға Аққайың ауданына қарасты Астараханка селосының маңында, яғни Астана-Петропавл тасжолында болған. Алдын ала болжам бойынша, автобусты басқарған азамат тізгінге ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан автобус сол жерде отқа оранады. Айта кету қажет, қоғамдық көлікте ешкім болмаған. Төтенше жағдайлар қызметі өртті 40 минуттың ішінде сөндірген. Қазір аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Хабар 24 телеарнасы