360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қалмұханбет Қасымов: Денис Тен өлімін тергеу аяқталуға жақын

  • 237
Қалмұханбет Қасымов: Денис Тен өлімін тергеу аяқталуға жақын belta.by

Олимпиада ойындарының жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты. 

«Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеуді аяқтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Іс жүзінде барлық сараптама қорытындылары шыққан. Бүгінде таныстыру процедурасы мен қылмыстық істі аяқтау шаралары жүргізілуде», - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Сонымен қатар, Қалмұханбет Қасымов тергеу аяқталғаннан кейін іс сотқа жіберілетінін атап өтті. Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға 19 шілде күні Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында түскі сағат 15:00 шамасында болған.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы