366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында бала тәрбиесіне салғырт қараған ата-аналар жауапкершілікке тартылды

  • 179
  • UPD: 10:45, 26.09.2018
Ақтөбе облысында бала тәрбиесіне салғырт қараған ата-аналар жауапкершілікке тартылды

Ақтөбе облысында бала тәрбиесіне салғырт қараған 2500 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Қараусыз қалған балалар түн ортасында көше кезеді. Жыл басынан бері жасөспірімдерді бейімдеу орталығына 234 бала жеткізілген. Сонымен қатар көңіл көтеру орындарына кәмелеттік жасқа толмаған балаларды кіргізгені үшін 73 кәсіпкер жауапкершілікке тартылған. Балаларға ішімдік сату бойынша 113 дерек тіркелді. Тек өткен айда 9 айда 3 500 жасөспірім құқық бұзғаны үшін ішкі істер органдарына жеткізілген. Жыл басынан бері 36 тұлға ата-аналық құқығынан айырылған. 528 жасөспірім арнайы есепке алынса, олардың 300-ден астамы – әлеуеті әлжуаз отбасының балалары.

 

Қарағанды облысында ұрлықтың беті ашылды

Бір тәуліктің ішінде Теміртау қаласының тәртіп сақшылары жеңіл автокөліктердің аккумулятор ұрлығына қатысты 3 қылмысты ашты. Полиция қызметкерлері 23 жастағы қала тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Ол кілт тарылту арқылы дабыл қаққыштары жоқ көліктерді аккумуляторларын ұрлап келгенін мойындады. Жалпы шығын сомасы 50 000 теңге болады. Күдіктіден дәлелдеме заттар алынды. Қазір ҚР ҚКнің «Бөтеннің мүлкін ұрлау» яғни 188-баптың 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

 

Қостанайда контрафактілік тауарлар жойылды

Қостанайда құны 300 мың тенгенің контрафактілік тауарлары жойылды. Әлемге белгілі брендтердің таңбасымен сатылған доп, кубок, спорттық аяқ киімдер және тұрмыстық химиялық өнімдер шынжыр табанды трактормен тапталды. Барлығы 170 дана тауар тәркіленген. Бұл әділет департаменті қызметкерлері тек биыл ғана анықтаған зияткерлік меншік құқын бұзу дерегінің бір парасы ғана. Екі ай бұрын Қостанайдағы дүкендердің бірінен ыдыс жуатын сұйықтық құйылған жүзден астам бөтелке тәркіленді. Оның бәрі әлмеге әйгілі танымал сауда белгісінің атымен сатылған жалған тауарлар екені дәлелденді.  

Талғат Қарабеков, облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары:

– Ағымдағы жылдың 9 айы қорытындысы бойынша 12 тексеріс өткізілді. Соның 7-і бойынша фактілер анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 158-ші бабы бойынша хаттама толтырылып, материалдарды сотқа жөнелттік. Бүгінгі таңда 230-дан астам дана контрафактілік өнімдер тәркіленіп, 500 мыңнан астам ақша айыппұл мемлекет пайдасына өндірілді.

Хабар 24 телеарнасы