366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда түнгі клуб алдында көлік қаққан қыздардың бірі көз жұмды

  • 186
  • UPD: 13:39, 26.09.2018
Петропавлда түнгі клуб алдында көлік қаққан қыздардың бірі көз жұмды Politeka

Петропавлда түнгі клубтардың бірінің алдында болған жол көлік оқиғасынан кейін 25 жастағы Ксения Овсянникова қайтыс болды.

Марқұм оқыс оқиғадан кейін бас миы және түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген еді. 11 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан азаматша сол күйі тіл тартпай кетті. Ал оның артында екі жасар баласы қалды. Естеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының 15-і күні «Лексус» автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан екі бірдей қыз баланы соғып, оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер күдіктіні әлі іздестіріп жатыр.

Авторы: Самат Қайырденұлы

Хабар 24 телеарнасы