366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оқыс оқиға: Семейде жер үй өртеніп, бір адам қаза тапты

  • 177
  • UPD: 11:54, 27.09.2018

Шығыс пен Солтүстік Қазақстан облыстарында адам қағып кеткен автокөлік жүргізушілері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Ал Жезқазған қаласындағы балабақшаның бұрынғы директоры мен бас есепшісі жеморлық үшін сотталып жатыр. Семейде жеке үй өртеніп, бір адам көз жұмса, Орал қаласында қыркүйектің 17-сінде жоғалған жас әйелдің мүрдесі табылды. Бұл туралы толық ақпарттарды Оқыс оқиға айдарынан білесіздер.

Жер үй өртеніп, бір адам қаза тапты

Семейдегі Жамбыл көшесіндегі жер үйлердің бірі өртенген. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынмен 3 сағат бойы алпарысты. Өрт сөндіру кезінде ас үйден 1963 жылғы азаматтың күйік шалған мәйіті табылды. Құтқарушылар 27 литрлік газ баллонын жарылудан аман алып шықты. Қызыл жалынмен күреске барлығы 3 техника және 12 адам жұмылдырылған. Үйдің төбесі, жиһаздар, есік, терезесі түгелімен жанып, 150 шаршы метр отқа оранған. Қазір оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Көлік қаққан қыздардың бірі қайтыс болды

Петропавлда түнгі клубтардың бірінің алдында болған жол-көлік оқиғасынан кейін 25 жастағы әйел қайтыс болды. Марқұм оқыс оқиғадан кейін ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген еді. 11 күн бойы жансақтау бөлімінде жатқан азамат сол күйі есін жимастан көз жұмды. Соңында екі жасар баласы қалды.

Естеріңізге сала кетейік, қыркүйектің 15-і күні қымбат шетел автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан екі бірдей бойжеткенді соғып, оқиға орнынан із суытқан болатын. Полицейлер күдіктіні әлі іздестіріп жатыр.

Мектепке дейінгі мекемеден жемқорлық әшкереленді

Қарағанды облысы Жезқазған қаласындағы мектепке дейінгі бір мекеменің бұрынғы директоры сотталды. Ол құрметті зейнетке шықса да, бұрынғы жұмыс орнынан еңбекақы алып отырған. Жемқорлық дерегін облыстық Кірістер департаментінің қызметкерлері кезекті тексеріс кезінде әшкерелеген. Қаржылай жемқорлыққа балабақшаның бас есепшісінің де қатысы бар екені анықталды. Бұрынғы директор мен бас есепші өзара ымыраласып бюджет қаржысын ұрлап келгені дәлелденді. Қазір бас есепшіге де қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Балалы ананы көлік қағып кетті

Шығыс Қазақстан облысында балалы ананы көлік қағып кетті. Жеңіл көлік оқиға орнынан із суытқан. Ал зардап шеккен 3 жасар бала мен оның анасы түрлі дене жарқатымен аурухана жеткізілді. Алайда 2 бірдей адамды қағып қашып кеткен жүргізушіні Риддер қалалық ІІБ-ның қызметкерлері дереу анықтап, көп ұзамай ұстады. Ол 18 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Қазір жауапсыз жүргізушіге қатысты ҚР ҚК-ның 345-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жоғалған әйелдің мүрдесі табылды

Оралда із-түзсіз жоғалған әйелдің мүрдесі табылды. 23 жастағы Карина Достанова жоғалып кеткені туралы туыстары қыркүйектің 17-сінде хабарлаған болатын. Ол таксимен Ақсай қаласына баруы тиіс болған. Бірақ қыркүйектің 24-інде полиция әйелдің мүрдесін тапқан. Қазір бұл іске қатысы болуы мүмкін 33 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Орал қалалық ІІБ ақпараты бойынша, ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы, яғни кісі өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру басталды. Марқұмның соңында жас сәбиі қалды.

Хабар 24 телеарнасы