366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда ауруханадан өрт шығып, 102 адам эвакуацияланды

  • 127
  • UPD: 18:13, 27.09.2018
Алматыда ауруханадан өрт шығып, 102 адам эвакуацияланды

Алматыда №12 қалалық клиникалық ауруханасыда өрт шықты. 102 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

27 қыркүйек күні сағат 16:15-те қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне өрт туралы хабар түскен.

«Бостандық ауданы Жандосов көшесіндегі 6 мекенжайында орналасқан клиникалық ауруханада түтін шыққаны туралы хабарланды. Алғашқы өрт сөндіру техникасы оқиға орнына 13 минуттан соң 16.28-де жетті.

Компьютерлік томография кабинетіне қуат беретін ғимаратта аккумлятор батареялары өртенгені анықталды. Өрт сағат 16.37-де ауыздықталып, 16.49-да толықтай өшірілді. Жалын 1,5 шаршы метрді шарпыған. Ауруханада 102 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген», - деді Алматы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Хабар 24 телеарнасы