360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде 5 жастағы қыздан менингит анықталды

  • 122
  • UPD: 18:29, 27.09.2018
Ақтөбеде 5 жастағы қыздан менингит анықталды lenta.inform.kz

Бүгін қоғамдық денсаулық сақтау департаменті диагнозды растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбеде менингокок инфекциясы анадан балаға жұққанымен, қазір тек 5 жастағы қыз емделіп жатыр. Ал анасының ағзасынан ешқандай инфекция табылмады.

Ақтөбе облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, балабақша, үй іші мен қарым-қатынаста болған адамдарды тексере келе бүгін, сағат 12:00-де диагноздың расталғанын хабарлады. Зертханалық тексеру бойынша дәлелденген науқас қазір жұқпалы ауруға қарсы диспансерде ем қабылдап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы