365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында үш оқушыдан менингит анықталды

  • 142
  • UPD: 21:22, 27.09.2018

Менингитпен ауырған 3 оқушы Алматы облысының Қарасай ауданындағы жұқпалы аурулар ауруханасында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жасөспірімдер – Іле және Қарасай аудандарының тұрғындары. Яғни олар жақын қарым-қатынаста болмаған, бөлек мектептерде білім алады. Дәрігерлер үшеуіне де менингит деген диагноз қойды, қазір жағдайлары жақсы. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, балалар – менингокок инфекциясы емес, менингитпен сырқаттанған. Бұл індет суық тигізу мен иммунитеттің төмендеуі кезінде белең алады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша қазір балалардың өміріне қауіп жоқ.

Хабар 24 телеарнасы