366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда балабақша қожайыны жұртты тақырға отырғызып кеткен

  • 119
  • UPD: 19:19, 27.09.2018
Қарағандыда балабақша қожайыны жұртты тақырға отырғызып кеткен ekaraganda.kz

Қарағандыда жекеменшік балабақша қожайыны жұртты тақырға отырғызып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір оған қатысты сот процесі басталды. Анна Богатова 27 ата-анадан бизнесті дамытуға деп 50 миллион теңге қарыз алған көрінеді. Алайда күдікті ақшаны қайтармақ түгілі, өзін банкрот жариялап, балабақшаны жауып тастаған. Анна Богатованың сөзіне сенген ата-аналар оған кемі 1 миллион теңгеден қарыз беріпті. Арасында 3-4 миллион теңгеге дейін ұстатқандар да бар. Ақыр аяғында күдіктіге қарасты қаладағы 4 балабақша да жұмысын тоқтатты. Ғимараттарды жалдау ақысы төленбеген.

Хабар 24 телеарнасы