360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да студент көз жұмды. Алдын ала диагноз: менингит

  • 226
  • UPD: 19:29, 27.09.2018
СҚО-да студент көз жұмды. Алдын ала диагноз: менингит Turkystan.kz

Солтүстік Қазақстанда 18 жастағы студент қайтыс болды.

Алдын ала болжам бойынша ол менингококк инфекциясын жұқтырған, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұндай мәліметті облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары хабарлап отыр. Қайғылы оқиға қыркүйектің 26-ы күні Айыртау ауданында болған. Өзін жайсыз сезінген Көкшетау қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің I курс студенті таңертен дәрігерге қаралып, күндіз комаға түскен. Ақ халаттылар оның өмірін арашалап қалу үшін қанша күрескенімен кешкі сағат 22.00 кезінде науқас ауруханада көз жұмды.

Айта кеткен жөн, өңірде тамыз айында өңірдегі менингиттен бір адам қайтыс болған еді.

Арман Күшбасов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының міндетін атқарушы:

Алдын ала диагноз менингит. Бес тәуліктен кейін нақты сараптама қорытындысы белгілі болады. Қазір бұл фактіге байланысты марқұммен араласқан 26 адам арнайы медициналық тексерістен өтті.

Хабар 24 телеарнасы