365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскемендегі көшелердің бірін күл басып қалды

  • 274
Өскемендегі көшелердің бірін күл басып қалды ustinka.kz

Өскемен қаласындағы көшелердің бірін күл басты.

Оны көрген тұрғындар бастапқыда қар жауып тұр деп ойлап қалса керек. Алайда кейін оның күлге ұқсас қалдық екені анықталды. Ол жерге экологтар да жетіп, жағдайды өз көздерімен көрді. Енді олар арнайы зерттеу жұмыстарын бастайды. Бұл оқиғаға байланысты сол көше маңында орналасқан кәсіпорындарды да тексеріп көрмек.

Елена Полянцева, облыстық экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы:

– Тұрғындардан шағым алдық, бұл жерден талдау жасау үшін сынамалар да алынды. Құрамындағы зиянды заттарды анықтаймыз. Әрине жай жапсары анықталып, кінәлі тұлғаны жауапқа тартатын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы