366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада журналисті өлтірді деген күдікті ұсталды

  • 338
  • UPD: 11:23, 28.09.2018
Астанада журналисті өлтірді деген күдікті ұсталды mamul.am

Астанада журналисті өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

«ІІМ Криминалдық полиция департаментінің жедел уәкілдері қызғаныштан Nur.kz журналисі Ирина Бекетованы өлтірді деген күдікті А.М.Гусеинов Ақмола облысы Аршалы ауданы Ижевск ауылында Есіл өзенінің жағасындағы тастанды үйден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.  Ұстау операциясы шұғыл жүргізіліп, күдікті қашуға тырысқан жоқ, полицейлер оны кенеттен ұстаған. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы