360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада өрт кезінде Өзбекстан азаматы көз жұмды

  • 229
  • UPD: 10:31, 29.09.2018
Астанада өрт кезінде Өзбекстан азаматы көз жұмды

Астанадағы Байқоңыр ауданында 02.52-де Алаш тас жолында  контейнер типтес жатақханадан өрт шықты.

Онда 25 адам – қоқыс өңдейтін зауытның ЖШС жұмысшылары тұрған. Өрттің аумағы 150 шаршы метрді құоады. Тілсіз жау 04.27-де ауыздықталып, 05.04-те толық сөндірілді. Оқиға орнынан 1990 жылы туған Өзбекстан азаматының мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өрттің себеп-салдары анықталып жатыр. Өртті сөндіру кезінде 19 өрт сөндіруші және 5 техника бірлігі жұмылдырылды.

Ақпарат көзі: Астана қ. ТЖК

Хабар 24 телеарнасы