366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық Ыстамбұл әуежайында өзіне қол жұмсады

  • 217
  • UPD: 10:57, 29.09.2018
Қазақстандық Ыстамбұл әуежайында өзіне қол жұмсады Туристер.ру

Қазақстандық ер адам Ыстамбұлда «Ататүрік» әуежайында қайтыс болды.

Ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

СІМ өкілдерінің хабарлауынша, 27 қыркүйекте сағат 19.00-де Ыстамбұлдағы «Ататүрік» халықаралық әуежайында Қазақстанның 1981 жылы туған азаматы әкімшілік ғимараттың екінші қабатынан секіріп, суицид жасаған. «Ол 26 қыркүйекте Түркияға ұшып келіп, бір тәулік әуежайда қонған. Оқиға болған жерге келген түрік дәрігерлері оны құтқара алмады», - деп хабарлады министрліктегілер. Бастапқыда түрік БАҚ өкілдері «Ататүрік» әуежайында өзіне өзі қол жұмсаған адам Қырғызстан азаматы болғанын хабарлаған еді. Алайда кейін Ыстамбұл полициясы оның қазақстандық екенін анықтады.

Хабар 24 телеарнасы