366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада тәртіп сақшысы 5-қабаттан секірмек болған адамды құтқарды

  • 151
  • UPD: 12:50, 01.10.2018
Астанада тәртіп сақшысы 5-қабаттан секірмек болған адамды құтқарды glavny.tv

Астана қалалық ІІД елордадағы көпқабатты үйдің 5 қабатынан секіріп, жан тапсырмақ болған адамды құтқарушы азаматтың есімін жария етті.

ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушы Алматы аудандық ішк істер бөлімінің аға жедел уәкілі Ерболық Салықов болып шықты. Ол бесінші қабаттың терезесінен салбырап тұрған ер адамды көрісімен, дереу оның пәтеріне көтеріліп, төмен қарай құлдилауға дайын тұрған пәтер қожайынын ішке қарай тартып алған. Соңынан анық болғанындай, әлгі азамат әйелімен ұрсысып қалғаннан кейін осындай қадамға барған.  

Хабар 24 телеарнасы