366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда әйелдерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген еркек ұсталды

  • 197
  • UPD: 12:08, 01.10.2018
Атырауда әйелдерді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген еркек ұсталды

Атырауда қыз-келіншектерді бопсалау арқылы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген ер адам қамауға алынды.

Теріс діни ағымның жетегінде жүрген 24 жастағы азамат өзінен анағұрлым үлкен әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған қыздармен әлеуметтік желі арқылы танысып, сеніміне кіріп алғаннан кейін ойына келгенін істеген. Ол өз құрбандарының фото, бейне кадрларын қолына түсіріп алысымен, «туыстарыңа болмаса әлеуметтік желілерге саламын» деп қорқытып-үркіту арқылы дегеніне жетіп отырған. Олардың қатарында 15-16-дағы мектеп жасындағы қыздар да бар. Қазір бұл дерек бойынша іс көтеріліп, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы