366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жылу құбырына қысылып қалған бала құтқарылды

  • 278
  • UPD: 14:19, 01.10.2018
Қызылордада жылу құбырына қысылып қалған бала құтқарылды

10 жасар жасөспірім Қызылорда қаласының Ақмешіт мөлтек ауданындағы жылу құбырларының арасында қысылып қалды.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы хабарлады.

Оқиға 2018 жылдың 30 қыркүйек күні түстен кейін болды. Ойын кезінде 10 жасар жасөспірім достарымен жылу магистралі құбырларының арасына сүрініп құлап, қысылып қалған. Достары ол кездейсоқ сүрініп, екі құбырдың арасына түсіп кеткенін айтты. Өз күштерімен оны шығара алмаған.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жедел шығып, жағдайды анықтап арнайы гидравликалық авариялық-құтқару құрал жабдықтарының көмегімен екі жылу құбырдың арасын кеңейтіп баланы шығарып алды. Бала жарақат алған жоқ, оған медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар оқушы баланы анасына тапсырды.

Мұндай жағдайларда ата-аналар өз балаларына көбірек көңіл бөліп, оларды қараусыз қалдырмауы керек. Бала бір жерде қысылып қалса және өзіңіз шығара алмасаңыз, құтқарушыларды шақырыңыз. Құтқару нөмірі – 112.

Хабар 24 телеарнасы