366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында бала ұрланды деген ақпарат расталмады

  • 139
  • UPD: 10:26, 02.10.2018
Қостанай облысында бала ұрланды деген ақпарат расталмады abctv.kz

Қостанай облысында бала ұрланды деген ақпарат расталған жоқ, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

1 қазан күні сағат 19:30 шамасында Қостанай аудандық ішкі істер бөліміне Затобол кентіндегі №3 мектеп-гимназиясының маңында белгісіз біреу бүлдіршіннің алқымынан алып, оны белгісіз бағытқа қарай алып кеткені туралы хабар түскен.

Келіп түскен арыз бойынша полицейлер шұғыл іздестіру амалдарын жүргізді. Затобол ауылының мектеп мұғалімдері баланың жоғалғаны туралы ақпарат таратқан оқушылардың ата-аналарын сұрастырған.

Тергеу амалдары нәтижесінде полицейлер қызыл түсті «Фольксваген Джетта» маркалы көлігінің 43 жастағы қожайынын анықтады.

Аталған ер кісі 1 қазан күні сағат 7-ге таман өзінің 4 жастағы баласымен «Березка» дүкенінен шыққаны белгілі болды. Сол кезде көлікке бет алған бала құлап жылай бастаған. Әкесі оны көтеріп, көлікке отырғызып, үйге жол тартқан.

Хабар 24 телеарнасы