366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті

  • 156
Қарағанды облысында полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып кетті regnum.ru

Қарағанды облысында көлік жүргізіп келе жатқан полиция қызметкері адам қағып кетті.

Оқыс оқиға «Қараганды-Шахтинск» тасжолы бойында болған. 28 жастағы арнайы қызмет басқармасының қызметкері өзінің жеке көлігімен келе жатып, ол бойындағы адамды қағып өтті. Ауыр жарақат алған жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды.   

Жаңатай Сембеков, облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай реестрге тіркелді. Барлық сараптама тағайындалып, тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы