366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде анасы мен баласы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

  • 180
  • UPD: 15:57, 02.10.2018

Семейде қайғылы оқиға болды.

Қаланың сол жағалауындағы 14 қабатты тұрғын үйдің 12-қабатынан анасы мен баласы құлап кетті. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алмады. Әзірге қайғылы жағдайдың нақты себептері анықталған жоқ, полицейлер істің жай-жапсарын жан-жақты тексеріп жатыр.

Елубек Оспанов, қалалық ІІБ баспасөз қызметінің жетекшісі:

– 44 жастағы әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған баласының Семей қаласының көпқабатты үйлердің бірінің терезесінен құлап кету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қозғалды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлерімен осы оқиғаның себеп салдарын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы