366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылордада жол апатынан әскерилер көз жұмды

  • 269
  • UPD: 22:54, 02.10.2018

Қызылордада қала іргесіндегі саяжай маңында жүк көлігі мен жеңіл автомобиль соқтығысып, оқиға орында 3 азамат қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ауруханаға жеткізілген 2 жолаушының біреуі жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, жеңіл көлікте Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімнің қызметкерлері отырған. Қазір сараптама тағайындалып, құқық қорғаушылар апаттың мән-жайын анықтауға кірісті. Полицейлердің мәліметі бойынша соқтығысқан көліктердің жүргізушілері бұған дейін әкімшілік жауапқа тартылмаған. Жалпы жыл басынан бері аймақта 118 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, апат салдарынан 17 адам көз жұмған.

Әміржан Өтегенов, облыстық ІІД басқарма басшысы:

- «ВАЗ» және «Шансиман» автокөліктерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы дерегіне байланысты ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен тергеп-тексеру басталды.

Хабар 24 телеарнасы