360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауда төбелес кезінде 25 жастағы жігіт көз жұмды

  • 131
  • UPD: 17:54, 02.10.2018
Маңғыстауда төбелес кезінде 25 жастағы жігіт көз жұмды lada.kz

Белгісіз біреулер Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жас жігіттің денесін алып келген. Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

30 қыркүйек түнгі сағат 01.30 шамасында аурухананың қабылдау бөліміне белгісіз екі адам ер адамның өлі денесін алып келіп, артынша жоқ болып кеткен.

«Сол жерде 1993 жылы туған ер адамның қайтыс болғанын анықтадық. Барлық тергеу істері Мұнайлы ауданының ішкі істер бөліміне тапсырылды», деп мәлімдеді аурухана дәрігері.

Белгісіз болып қалғысы келген ақпарат көздерінің мәліметі бойынша Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында екі жігіт төбелесіп қалған. Қарсыласы қайтыс болған жігіттің кеудесін арматурамен ұрған.

Хабар 24 телеарнасы