365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Қазақстанда ірі дала өрті сөндірілді

  • 149
  • UPD: 23:36, 02.10.2018
Шығыс Қазақстанда ірі дала өрті сөндірілді gismeteo.ru

Шығыс Қазақстанның Қарағанды облысымен шектесетін аумағында 1200 гектар жер өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Тілсіз жау Семей қаласынан 420 шақырымда жатқан Қараөлең ауылдық округінде осыдан бірнеше күн бұрын тұтанған. Оны мамандар ғарыштан бақылау арқылы байқаған. Әкімдіктегілердің күші жетпеген соң дереу оқиға орнына Семей қаласынан екі өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары асықты. Дала өрті таулы-қыратты жерлерді шарпығандықтан, қызыл жалынды бірден ауыздықтау оңай болмады. Тек бүгін түске қарай өрт толық сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жауды тоқтатуға барлығы 5 техника мен 26 адам жұмылдырылған. Қазір оқиғаның мән-жайы, өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Авторы: Болат Көкенайұлы

Хабар 24 телеарнасы