360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысында өткен 9 айда 824 өрт оқиғасы тіркелді

  • 107
  • UPD: 12:42, 03.10.2018

Өкінішке қарай, 17 адам тілсіз жаудың құрабын болып кетіпті.

Ал материалдық шығын 700 миллионға жетіп жығылады. Бұл жөнінде облыстық Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Азамат Орымбетов мәлімдеді. Мамандардың сараптауынша, өрт оқиғасының 65 пайызы жеке секторлардың үлесінде көрінеді. Оларды сөндіру кезінде 37 адам құтқарылған. Ашық өрттен өзге жеке қазандықтарды дұрыс пайдаланбау салдарынан түтінге тұншығып улану дерегі де адамдардың ажалына себеп болуда. Өкінішке қарай, тұрмыс барысындаға салақтық жыл сайын қайталанып келеді. Былтырғы жылмен салыстырғанда өртке құрбандар саны сол қалыпта болса, келген материалдық шығын 6 пайызға артқан. Өрттің негізгі себептері – қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы және жылыту пештеріндегі ақаулар.

Хабар 24 телеарнасы