366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында кісі өлтіру қылмысы екі есеге көбейген

  • 164
  • UPD: 12:02, 03.10.2018

Сондай-ақ кісі дүниесіне қол сұғушылық 20 пайызға артып отыр.

«Бұл – өткен тоғыз айдың қортындысында анықталған деректер», – дейді облыстың бас полицейі Махамбет Әбисатов. Дегенмен тыныштық күзетшілерінің кешенді іс-әрекеті арақасында кейбір қылмыс түрлерінің беті қайтқаны байқалады. Атап айтқанда, автокөлік ұрлау дерегі – үштен бірге, суық қаруға қатысты қылмыстар – 1,5-2 есеге, сондай-ақ алаяқтық пен ауыр қылмыстар айтарлықтай азайған. Жыл басынан бері құқық қорғау органдары өткізген іс-шаралар нәтижесінде іздеуде жүрген 75 қылмыскер анықталса, оның 11-і халықаралық іздеу жарияланған азаматтар. Із-түзсіз жоғалған 68 азамат табылған. Оның да жетеуі кәмелеттік жасқа толмағандар.

Хабар 24 телеарнасы