366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында балабақша тәрбиешісінен туберкулез анықталды

  • 235
  • UPD: 16:54, 03.10.2018
Ақмола облысында балабақша тәрбиешісінен туберкулез анықталды Today.kz

Ақмола облысының Шортанды ауданында балабақша тәрбиешісінен туберкулез дерті анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Құзырлы орган беріп отырған мәліметке сүйенсек, тәрбиеші аталған балабақшада ағымдағы жылдың ақпан айынан бері жұмыс істеп келеді. Ал ауру белгілері 19 қыркүйек күні пайда болған. Келіншектің тамағы ауырып, даусы бәсеңдеген. Сол күннен бастап тәрбиеші денсаулығына байланысты демалысқа шыққан. Ал 24 қыркүйек күні жұмысқа қайта шыққан жас маманның жөтеліп тұрғанын көріп, балабақша басшылығы оны топқа кіргізбеген. Кейіннен аудандық ауруханада тексерілген келіншектің екі өкпесінен бірдей инфильтративті туберкулез анықталған. Мамандардың айтуынша, тәрбиеші соңғы рет флюорографиялық тексерістен биыл 15 маусымда өткен екен. Аудандық эпидемиологтар, науқастың жақындары мен әріптестерін жедел тексеріп, оларда туберкулез белгілерін таппаған. Қазір балабақша мен тәрбиешінің үйінде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Балабақшадағы бүлдіршіндер де бақылауға алынған. Олардың тексеріс нәтижесі екі күннен соң белгілі болады, - дейді, мамандар. Бірақ әзірге ешкімде ауру белгілері сезілмеген. Бүгінде ауданда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Жағдайды назарда ұстап, алдағы уақытта толыққанды ақпарат беретін боламыз.

Авторы: Дамир Берікұлы

Хабар 24 телеарнасы