366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің екі облысында ескерту жарияланды

  • 376
  • UPD: 18:38, 03.10.2018
Еліміздің екі облысында ескерту жарияланды Today.kz

Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Қызылорда облысында 4 қазан күні таңертең және күндіз, 5-6 қазанда тәулік бойы солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл соғуы ықтимал.

4 қазан түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз оңтүстік-батыстан және батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Хабар 24 телеарнасы