360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда 15 оқушы белгісіз газдан уланып қалды

  • 361
  • UPD: 22:08, 04.10.2018

Орал қаласында бүгін №40 мектептің бір топ оқушысы белгісіз газдан уланып қалды.

Оқыс оқиға түске таман сағат 11:15-те болды. Оқу орнының үшінші қабатында өткір иіс сезілген соң 300 оқушы мен мұғалімдер қауымы шұғыл түрде көшеге шығарылған. Өздерін жайсыз сезінген 15 оқушы мен бір мұғалім жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Тиісті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олардың бірқатары үйлеріне қайтарылды. Балалардың жағдайлары жақсы, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Ал зиянды иістің қайдан тарағанын жауапты мамандар анықтап жатыр.

Мақсат Ғалиев, №40 мектептің директоры:

- Дәл орнын анықтап айту қиын. Үшінші қабаттан шықты. Кабинеттің іші емес, коридорда болғандай әсер қалдырды. Бұл мәселенің барлығын арнайы мамандар келіп, ауа құрамын тексеріп жатыр. Артық бірде-бір зат табылған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы