366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған атыраулық сотталды

  • 314
  • UPD: 12:34, 05.10.2018

Атыраулық азамат заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды.

Сотталушы жеке кәсіпкер ретінде салық органына тіркелмей, ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиясыз жүзеге асыру мақсатында, қандай да бір қажетті рұқсат қағаздарын алмай, заңсыз ойын - букмекерлік қызметімен айналысқан. Пайда табу мақсатында  компьютерлік құрылғыларды сатып алып ғимаратқа орналастырып,  интернет жүйесін қосып, бәс тігетін ойындар ойнаушыларға  мүмкіндік жасаған. Лицензиясыз аталған қызметті заңсыз түрде жүзеге асырған азамат қазір өз кінәсін мойындады. Қылмыстық істі басты сот талқылауында қарау барысында сотталушы және адвокаты кінәні мойындау туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасақтауға ерікті түрде ниет білдірген.  Сот бұз азаматқа 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады.

Петропавл қаласында мотоцикл жүргізушісі автобусқа соғылып, қаза тапты

Жол – көлік апаты көше қиылысында болған. Қатты соққыдан жүргізуші жарақаттанып, оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті сараптама тағайындалды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, облыс орталығында 7 «ақылды» көше қиылысы бар. Онда жол қозғалысы бейнебақылауға алынған. Бұл жүйе жүргізушілермен жасалатын тәртіп бұзушылықтарды азайтуға мүмкіндік берді. Жалпы жыл басынан бері облыста 2 мотоцикл жүргізуші жол апатына ұшырады. 

Ақтөбеде парақор тергеуші ұсталды

Ақтөбеде қылмыстық істі жабу үшін пара алған тергеуші ұсталды. Облыстық ІІД өзіндік  қауіпсіздік басқармасы мен ҰҚК департаменті тергеушіні пара алып жатқан жерінен қолға түсірді. Алаяқтық жасаған бұрынғы әйелін қылмыстық жазадан құтқармақ болған ақтөбелік пара берген. Қазір осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің «Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерді асыра пайдалану» бабы бойынша із қозғалды»,- деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Ақтауда қоқыстан өрт шықты

Ақтауда көпқабатты үй алдындағы қоқыс контейнері өртеніп, одан шыққан жалын ғимараттың үш қабатын шарпыды. Оқыс оқиға түнгі сағат бір шамасында орын алған. Контейнерге жақын тұрған бірінші қабаттағы би студиясы бүлінді. Сондай-ақ жоғарыдағы екі қабаттың пластик терезелері жанып кетті. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің аға маманы Азамат Сейталиннің айтуынша, өрт 15 минутта өшірілді. Жалын қоқысқа тасталған темекі тұқылынан шығуы мүмкін деген болжам бар. Қазір жылжымайтын мүлік иелеріне келген шығын көлемі есептеліп жатыр. Айта кетейік, санитарлық ережелерге сәйкес қоқыс контейнері тұрғын үйден 20 метр қашық тұруы керек.

Жамбыл облысында тағы бір есірткі тасмалдаушы ұсталды

«Фольксваген» көлігіне мінген Қордай ауданының тұрғыны полицейлердің көзіне түспей жылжымалы бақылау бекетін айналып өтпек болған жерінен тоқтатылған. Оқиға Шу-Қордай тас жолының бойындағы Көкқайнар ауылының маңында болды. Көлік ішінде 27 жастағы жолаушы ұсталып, тергеліп жатыр. Ол бұрын да істі болған. Тексеру кезінде салмағы 92 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Қазір күдікті кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы